Volkswagen көлігін алу үшін бес жыл бойы ақша жинаған ер адам сан соғып қалды — новости Казахстана

0

Қымбат тұратын Volkswagen автокөлігін алуға бес жыл бойы ақша жинаған Душанбе тұрғыны Абдурасула Курбонова оңбай алданып қалған. Себебі ол қалаған көлік ұрланған болып шықты деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: fortune.com

Көрнекі фото: fortune.com

Volkswagen көлігін қалаған Абдурасула Курбоноватың қуанышы көпке созылмаған. Себебі автокөлік Ресейде ұрланып, үшінші мемлекет арқылы Тәжікстанға әкелген болып шықты.

«Бес жыл бұрын бұл көлік 30 мың доллар тұратын. Құжаттарының барлығы дұрыс еді. Көлікпен Украина шекарасынан өткім келген уақытта мені тоқтатты. Мен төрт күн бойы абақтыда жаттым», — деді автокөлік иесі.

Жақында Литва құқыққорғау органдары Германиядан Тәжікстанға қымбат автокөліктер ұрлаумен айналысқан трансұлттық топты қолға түсіргенін хабарлады. Литваның сегіз азаматы ұсталған. Тағы екі адам Германияда қолға түскен.

Полицияның мәліметінше, 15 автомобиль Тәжікстан аумағына ұрлықпен келген, олардың жарымы ғана табылды.

Алайда Тәжікстан құқыққорғау органдары бұл жағдайға қатысты пікір білдірмеген.