Владимир Жириновский қайтыс болды
ЛДПР төрағасы Владимир Жириновский көз жұмды. Бұл туралы Мемлекеттік Дума басшысы Вячеслав Володин мәлімдеді, деп хабарлайды Kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Айтуынша, Жириновский ұзақ уақыт бойы ауырған.
«Жарқын, талантты саясаткер. Әлемнің қалай ұйымдастырылғанын тереңінен түсінген және көп нәрсені көре білген адам. Мемлекеттік Думада ЛДПР фракциясының көшбасшысы. Ол қашан да оқиғалардың қақ ортасында жүрді.
Оның тұлғасының ауқымдылығы кең, енді заманауи Ресейдің саяси жүйесінің даму тарихын олсыз елестету қиын. Оның қызметінің ең үздік бағасы — дауыс берушілердің қолдауы. Ол туралы жарқын естеліктер әрқашан жүрегімізде қалсын», — деп жазды Володин 6 сәуір күні өзінің Telegram-арнасында.
(фото: pravda.com.ua)