Владимир Зеленский Украина президенті қызметіне кірісті
Қысқа сілтеме алу
Украин халқына ант беру салтанатты рәсімі Жоғарғы Раданың отырысында өтті
НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр — Sputnik. Владимир Зеленский дүйсенбі, 20 мамыр күні Украина президенті қызметіне кірісті. Жаңадан сайланған мемлекет басшысы Жоғарғы Раданың салтанатты жиналысында ант қабылдады.
Халықтың еркімен сайланған президент Владимир Зеленский Украинаға адал болуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Украинаның Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Украинаның әлемдегі беделін көтеруге салтанатты түрде ант берді.
Зеленский тиісті құжатқа қол қойып, оны Конституциялық соттың басшысына тапсырды. Осыдан кейін Владимир Зеленский мемлекет басшысы билігінің ресми символдарын алды.
©
AP Photo / Efrem Lukatsky
Владимир Зеленский ұлықтау рәсімі басталғанға дейін
Украинаның бұрынғы төрт президенті Леонил Кравчук, Леонид Кучма, Виктор Ющенко және Петр Порошенко Жоғарғы Раданың салтанатты отырысына қатысты.
Ұлықтау рәсіміне сондай-ақ құрметті қонақтар, атап айтқанда, Латвия, Литва, Эстония, Грузия және Венгрия басшылары, АҚШ-тың энергетика министрі және Канаданың қорғаныс министрі келді. Қазақстан делегациясын парламент сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров бастап барды
sputniknews.kz