Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күнімен құттықтады

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Ресей президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты телефон арқылы туған күнімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресейдің мемлекет басшысы Владимир Путин телефон арқылы туған күнімен құттықтады.

Қазақстандық әріптесін құттықтай отырып, Путин екі ел арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Ресей Федерациясы президентінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Тоқаев 66 жасқа толды: президент туралы қызықты деректер

Әңгіме барысында қос елдің президенттері алдағы уақытта өтетін кездесулер туралы уағдаласты. Оның ішінде, мамыр айы соңында Нұр-Сұлтанда өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы аясында кездесу жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 66 жасқа толды. Бұл күнді ол алғаш рет мемлекет басшысы әрі президенттікке кандидат ретінде атап өтіп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамыр күні Алматы қаласында дүниеге келген. Президенттің әкесі – танымал жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаев (1923-1986), ал анасы Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматының шет тілдері институтында қызмет еткен.

Тағы оқыңыз: Тоқаев үгіт-насихат кезінде президенттік өкілеттігін тоқтата ма?

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент сенатының төрағасынан бастап Премьер-министрге дейінгі жоғары мемлекеттік қызмет ғана емес, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары сияқты халықаралық мәртебелі лауазымдары да бар. Кеңес одағы кезінде жас дипломат Қытай халық республикасының елшілігінде жұмыс істеген. Сол кезде оған «мемлекеттік құпияны сақтай алады» деген мінездеме берілген екен.

Биыл 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттілігін тоқтатты. Осыдан кейін Сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаев президент қызметіне атқаруға кірісті. 20 күннен кейін Тоқаев кезектен тыс сайлаудың өтетінін жариялады.

Тағы оқыңыз: Ажырасқан — Ақорда Тоқаевтың өмірбаянын жариялады



sputniknews.kz