Владимир Путин халыққа үндеу жасады – видео

0

Ресей президенті коронавирус пандемиясы өршіген кезде ел азаматтарына үндеу жасады. Ол мемлекеттің басты мақсаты адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау екенін атап өтті

Ресей басшысының алдыңғы үндеуі 25 наурызда жасалды.

Владимир Путин мемлекеттің белсенді әрекет ететінін айта келе, індеттің тез таралуын болдырмауға бағытталған шараларды, сондай-ақ азаматтар мен бизнесті қолдауды ұсынды.

Ресейліктер 30 сәуірге дейін жұмыс істемейді – Путин 

Осындай шаралардың бірі Ресей президенті жариялаған жұмыссыз апта болды, бұл уақытта ресейліктердің жалақысы сақталады.

Сондай-ақ Путин жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны ең төменгі жалақы деңгейіне дейін арттыруды, кредиттік каникул жариялауды, алдағы алты айда барлық әлеуметтік төлемді сақтауды және басқа да бірқатар шараны қолға алуды тапсырды.



sputniknews.kz