Вирустан қорғайтын қолғапты қолданудағы басты қателік айтылды

0

Егер адам дүкенде немесе далада телефон қолданса, қолғап вирустан қорғай алмайды. Мамандар мұндай жағдайда вирус тікелей ағзаға өтетінін айтып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір — Sputnik. Вирустан қорғану үшін далаға қолғаппен шығу жеткіліксіз. Бұл туралы Sputnik радиосына Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі жанындағы қоғамдық кеңес мүшесі Эрик Бровко айтты. 

Пандемия кезінде қолғап кию — қорғану шарасы. Алайда сарапшының айтуынша, медициналық қолғаппен жүрген кезде де қолды дезинфекциялауды ұмытпау керек екенін айтты. 

«Қолғап қолды қорғайды, бірақ қолмен құлақ, көз және мұрныңызды ұстауға болмайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы нақты қандай қолғап кию керек екені туралы кеңес берген жоқ. Бірақ тоқыма матадан жасалғандары тиімсіз болатыны анық. Медициналық қолғаптарды бір-ақ рет қолдану керек. Ал былғары қолғапты залалсыздандырып отыру керек. Қолғапты шешкен соң міндетті түрде қолды жуу керек», – деді Эрик Бровко.



sputniknews.kz