Вирусологтар CОViD-19 инфекциясын жұқтырудың ең ықтимал жолын анықтады — Қазақстан жаңалықтары

0

Бонн университетінің вирусологтары коронавирусты қай жолмен жұқтыратындығын және не себепті заттардың бетіне тиісу арқылы жұқтырмайтындығы анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі RTL Today басылымына сілтеме жасап.

коронавирус

Зерттеу авторларының бірі Хендрик Штреектің айтуынша, ғалымдар вирустың есік тұтқаларынан, телефондар мен дәретханалардан алынған үлгілерін ары қарай өсіре алмаған. Осылайша, коронавирусты заттарды ұстау арқылы жұқтыру қаупі өте аз екені анықталды.

Бұл тұжырымды Роберт Кох институты да растайды, бұған дейін коронавирустың заттардың бетінде бірнеше күнге дейін өмір сүре алатындығы анықталған. Ғалымдардың айтуынша, барлық зерттеулер зертханада өтеді және күнделікті өмір жағдайымен сәйкес келмейді.

Штреек адамға объект арқылы қалай вирус жұқтыруға болатындығына мысал келтірді, бірақ бұл мүмкін емес жағдай дейді ол. Сонымен, егер инфекция жұқтырған адам қолына жөтелсе, содан кейін бірден затқа қолын тигізсе, ал басқа адам сол затты ұстап, бетін ұстаса — ол шынымен де вирусты жұқтырады.

Нәтижесінде, жаппай іс-шаралар кезінде адамдардың үлкен тобының ұзақ уақыт тығыз байланысы инфекцияның ең ықтимал әдісі болып шықты, өйткені берілудің ең ықтимал бағыты — ауа арқылы жұқтыру.
 

stan.kz