Вирусолог жақында коронавирустың әлсірейтінін айтты – Қазақстан жаңалықтары

0
0

Соңғы ғылыми зерттеулер коронавирустың әлдеқайда әлсірегенін көрсетті. Бұл туралы итальяндық вирусолог Массимо Клементи мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Милан қаласындағы Вита-Салют Сан-Рафаэль университетінің проректоры Массимо Клементи итальяндық дәрігерлер мамыр айында коронавируспен ауруханаға түскен науқастарда аурудың ауырлығының төмендегенін байқағанын айтты.

«Реанимацияда жатқан ауыр науқастардың, пневмониямен ауыратын адамдардың саны едәуір азайды. Сонымен қатар үй жағдайында емделе алатын коронавирустың жеңіл түрімен ауыратындар саны көп», – деді ол. 

Сан-Рафаэль ауруханасының микробиология және вирусология зертханасының қызметкерлері клиникалық көріністегі бұл өзгерістің ғылыми түсіндірмесін іздестіруде.

«Біз 1-наурыздан 15-наурызға дейін ауруханаға түскен 100 пациент пен мамырдың екінші жартысында ауруханаға жатқызылған 100 науқас арасында шағын зерттеу жүргіздік. Вирустық жүктеме (вирустық бөлшектердің санын есептейтін вирустық инфекцияның ауырлық дәрежесі) анықталды. Биологиялық сұйықтық мамырдың аяғындағыдан он есе жоғары болды. Бұл нәтиже өте маңызды», – деді ғалым.

Клементи коронавирус алдағы уақытта әлсіреуі мүмкін дейді. Сондай-ақ ол Лондондағы бір топ ғалымның соңғы зерттеуі туралы айтып берді. Олар бұрын Қытайда, Еуропада және Америка Құрама Штаттарында анықталған вирус геномының әртүрлі тізбегін зерттеп, пандемияның түрлі сатыларын талдады дейді маман.

«Соңында британдық әріптестер мутация пайда болатын вирустың геномында белгілі бір аймақтар бар екенін анықтады. Бұл гомоплазия деп аталатын құбылыс. Бұл вирус өте пластикалық және әртүрлі мутация арқылы адам ағзасына бейімделеді. Жоғарыда сипатталған процесс географиялық орналасуына және індеттің деңгейіне қарамастан барлық елдерде жүреді. Барлық жерде вирустың эволюциясы бір бағытта болғанымен, бір жерде тез, бір жерде баяу таралады. Бұл процесс вирустың патогендік потенциалының төмендеуіне, оның вируленттілігінің төмендеуіне әкелуі әбден мүмкін, осылайша біртіндеп вирус аз агрессивті болып, бейімделіп, әлсірейді», – деп қорытындылады профессор.

Жаңа вирус тез арада әлсіретіп, қарапайым тыныс жолдарының ауруына айналатын алға тартты ғалымдар. Ослайша әлемде коронавирустың әлсіреуі күтілуде.
 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз