вирус жұқтырғандар саны 4 205 адамға жетті
Денсаулық сақтау министрлігінің 5 мамыр түнде жариялаған ақпаратына сәйкес, елде індетке шалдыққан тағы жиырма алты адам тіркеліп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр — Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 4 205 адамға жетті, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
«COVID-19 диагнозы тағы 26 адамда анықталды. Алматы — 16, Қызылорда облысы — 1, Алматы облысы — 3, Атырау облысы — 3, Жамбыл облысы — 1, Қарағанды облысы — 1, Батыс Қазақстан облысында бір адамда вирус расталды», — делінген ақпаратта.
sputniknews.kz