Вирус жұқтырған науқастар мен мәйіттерді тасығандар үстемақы ала алмай дал болды — Қазақстан жаңалықтары
Нұр-Сұлтандағы тупдиспансерде карантинде жатқан 40-қа жуық қызметкер наразылықтарын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен тығыз қарым-қатынаста болатын қызметкерлер не үйлеріне бара алмай, не тиісті үстемақыларын ала алмай отыр. Басшылықтың бос уәдесіне сеніп келген олар шыдамның да шегі бар дейді.
“10-шы мамыр күні мен өзім алып барғам. Біз несін қарағанда 34-ші или 35-ші ковид Астанадан шыққан сол мәйітті мен өзім апардым», — дейді Нұрболат есімді жүргізуші.
Дәл Нұрболат секілді күн-түн демей науқастар мен мәйіттерді тасыған жүргізушілердің қатары көп. Олар дамыл таппай жүргендерін жеткізіп, мемелкет тарапынан берілетін тиісті үстемақымызды ала алмай отырмыз деп ашынды.
«Ана айда демалыссыз күндіз-түні жұмыс істедік. Артық сағат қой. Адамдар шегінде отыр шыны керек”, — дейді Болат Төлебаев.
Ал Есжан Намазбаев есімді жедел жәрдем жүргізушісі тіпті үйге қайта алмай қор болып отырмыз, науқаспен қарым-қатынаста болғансың деп жібермей жатыр дейді.
“Ақша төлеуге келгенде біз вирусқа қатысымыз жоқ, ал жатуға келгенде, үйге барайын, бірдеңе десең, жоқ сен контактныйсың, саған болмайды деп айтады. Біз түсіне алмаймыз сол сұрақты”, — дейді ол.
Жүргізушілермен қатар, науқастардың ас ішкен ыдыс-аяғын реттеп, көрпе жастығын жуатын қызметкерлер де дәл осы жағдайда.
«Біз көрпе-жастықтарын жуыамыз ғой. Қан да басқасы да бар соларды жуамыз», — дейді олар.
Жедел жәрдем қызметкерлерінің наразылығына Нұр-Сұлтан қаласы көпсалалы медициналық орталығының директоры Мұрат Төлеутаев жауап берді.
«Денсаулық сақтау министрлігінің 4 сәуір 2020 жылғы бұйрығымен, 28/20 бұйрығында кейбір денсаулық сақтау қызметкерлеріне коронавирусқа қатысты эпидемиялық жұмыстарға қатынасқандары үшін, үстемақы қаражатын төлеу туралы бұйрығының тізімінде — дәрігерлер, мейірбикелер және кіші буындағы медициналық қызметкерлері бар. Жаңағы фтизиопульмонология орталығының қызметкерлері бұл тізімге кірмейді», — дейді ол.
stan.kz