VIP тізімде болмаса, “әдемі“ мемлекеттік нөмірді сатып алуға бола ма?

0

Көптеген қазақстандық көлігіндегі мемлекеттік нөмір инициал немесе маңызды санмен таңдалғанын жақсы көреді. Дегенмен, жүргізуші үшін маңызды сандар VIP санатына жатпауы да мүмкін. VIP нөмірдің жай «әдемі» нөмірден айырмашылығы неде және оны қалай сатып алуға болады, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

VIP немесе жоғары сұраныстағы нөмірлер әдеттегіден әріптер мен сандық комбинациялардың арнайы жиынтығы және, әрине, бағасымен ерекшеленеді. ІІМ мәліметінше, сұраныстағы ең арзан мемлекеттік тіркеу нөмірлері (VIP нөмірлері) бірдей әріптік белгілері бар нөмірлер және 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 сандық белгілеу нөмірлері болып табылады. Олардың құны 57 АЕК (210 330 теңге) болады.

Ең қымбат VIP нөмірлері — 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сандық белгілері және бірдей әріптік белгілер. Олардың құны 285 АЕК немесе 1 051 650 болады.

VIP тізімде болмаса, «әдемі» нөмірді сатып алуға болады ма?

Бізге ІІМ баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, жоқ. Нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес жоғары сұранысқа жатпайтын мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері автоматтандырылған ақпараттық жүйеде айқындалған кезек тәртібімен беріледі.

Алайда, мемлекеттік нөмірлерді еркін таңдау мүмкіндігі әлі де бар. Автокөлікті тіркеу кезінде арнайы ХҚКО — лар сізге бос нөмірлердің тізімін ұсынады, олардың ішінен сіз өзіңізге ұнайтынын таңдай аласыз. Ең бастысы, ХҚКО-ға ертерек бару, өйткені тізім бір тәулікке беріледі.