VIP қылмыскерлер: Түрмедегі элита өкілдері жазасын қайда өтеп жатыр?

0

Есімі БАҚ беттерінен түспей, атышулы оқиғаларға қатысы бар деген күдікпен істі болған қазақстандық элита өкілдері аз емес. Бүгінде олар қылмысын қайда өтеп жатқаны белгілі болды деп хабарлайды Sputnik Казахстан.

Қазақстан ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ұсынған ақпаратына сәйкес, кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди мен ҰҚК бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев тергеу іс-қимылдары кезінде Алматы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аралас қауіпсіздік мекемесінде орналастырылған.

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Түркістан облысындағы қатаң режим колониясында жазасын өтеуде.

«Сыра королі» Тоқтар Төлешов болса, бұрын өзінің зауыты орналасқан өңірде, яғни, Шымкент қаласындағы колонияда отыр.

«VIP қылмыскерлер» жазасын қалай өтеп жатыр, олардың арасында суицид жасамақ немесе қашпақ болғандар болды ма?» деген сұраққа құзыретті орган жауап бермеді.

Ведомствоның айтуынша, бұл олардың жеке өмірі болып есептеледі екен.

Еске салсақ, Бишімбаев ақша жымқырып, пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталған.

Мұратхан Тоқмәди «БТА Банк» басқармасының бұрынғы төрағасы Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін 10,5 жылға сотталған болатын.

Ал бұрынғы ҰҚК бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев мемлекеттік құпияны жария етіп, қызметін асыра пайдаланғаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылған еді.