Виктор Скрипник Украинада қалай азап көргенін айтты

0
39

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Өткен жексенбі күні Украина мен Донбасс тұтқындарды өзара алмасты. Донецк халық республикасы мен Луганск халық республикасына қайтарылғандардың ішінде Виктор Скрипник те болды

НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. Скрипникті терроризм үшін айыптаған болатын. Бірақ кінәсін дәлелдей алмады. РИА Новости ақпараттық агенттігіне сұқбат берген Скрипник қандай азаптан өткенін айтып берді.

«Осы уақытқа дейін мені Мариуполь қаласындағы тергеу изоляторында ұстады. 2014 жылы қамағаннан бері сол жерде болдым. Террористік актілер жасады деп айып таққан. Бірақ бірде-бір дәлел таппады. Құдайға шүкір, бізді алып шықты. Әйтпесе, тірі қалатынымыз екіталай», – дейді Скрипник.

Донецк халық республикасы бөлінеміз дегенде, Виктор Скрипник те үн қосып, барлық митингіге қатысып жүрді. Содан Украинаның күш құрылымдары қантөгісті бастады. Сол кезде ДХР-дың жақтастары да қорғанысқа көшті.

«Бізді алдымен екі аптадай Украинаның қауіпсіздік қызметінің жертөлесінде ұстады. Бір қызығы, нақты бір ақпарат беруді талап еткен жоқ. Украинаның еріктілер батальондары мен күш құрылымдары жасаған қылмыстарды біздің мойнымызға ілгісі келді. Оған келіспегендерді ұрды, азаптады. Сөйтіп, 2014 жылы болған оқиғалар үшін бізді соттағысы келген», – деп еске алады Скирпик.

2014 жылы 9 мамырда ішкі істер басқармасы жанында атыс болған. Сонда милиция қызметкерлері де, бейбіт халық та қаза тапты. Мерекелік шеруге де оқ атылды. Сол кезде қамауға алынған Скрипник және басқа тұтқындарды осы қылмыстар үшін жауапқа тартқысы келген.

Тағы оқыңыз: Шоумен ел басына келді, экс-президент қамалды: 2019 жылы әлемде болған айшықты оқиғалар

«Бәрін сценариймен жасады ғой. Бізге арнайы мәтіндерді таратып, сол бойынша жауап бересіңдер деді. Тіпті, Ростов облысында диверсиялық дайындықтан өтті деп көрсеткісі келген. Мен ол жақта бірде-бір рет болған емеспін. Сөйтіп, бізді террорист ретінде соттауға жоспар болды», – деп атап көрсетті Скрипник.

Ол Мариуполь әуежайының түрмесіне түспегеніне қуанып отыр. Себебі ол жақтан қайтып келу мүмкін емес. Бір жас жігіт аман-есен шыққан. Бірақ өз еліне қайтқаннан кейін қайтыс болды. Себебі түрмеден шыққанда құр сүлдері ғана қалған. Дегенмен, Украинаның қауіпсіздік қызметінің жертөлесінде де оңай болған жоқ.

«Мәтін бойынша жауап бермегені үшін «ихтиандр» жасайтын. Ондайда адам есінен танып қалғанша тыныс алу жолдарына суды құя береді, құя береді. Одан кейін электршокермен оятады да, қайтадан қинайды. Сосын «динамо-машина» деген азаптау болған. Бір клемманы ауызға, екіншісін бармаққа қыстырады да, тоқты жібереді», – дейді Скрипник.

Оның сөзіне қарағанда, тұтқындарды алты ай бойы азаптаған. Украинада осы уақыт аралығында тергеу шаралары жүргізіледі. Шын мәнінде, тергеу емес, азаптау болды. Тұтқындарды қабырғаға тіреп қойып, бүйректен ұратын. Ал жерге құлаған адамды тепкілеп тастайтын.

«Алты айдан кейін істі сотқа жіберді. Сол кезде біз мәтін бойынша айтылған барлық сөзімізден бас тартып, өзімізді қорғауға шешім қабылдадық. Олар бізді алып кете алмады. Бірақ түрмеге келіп, ұрып жүрді. Бізді адвокатпен кездеседі деп, тергеу бөлмесіне алып баратын. Сол жерде тағы соққыға жығатын», – деді Скрипник.

Тұтқындарды туған-туыстарды да азаптаймыз деп қорқытатын. Арнайы жасақтың өкілдері мекенжайды, тіпті туыстардың аты-жөнін білді. Бұл азаптың ең қиын кезеңі болды.

Тағы оқыңыз: «Бетінен атқан»: Талдықорғанда майордың өлтірілуіне қатысты тың дерек шықты

Сот мәселенің мәнісіне жетіп, тұтқындардың кінәсіз екенін түсінгеннен кейін, сөзбұйдаға салып, процесті ұзартып жіберді. Сот отырыстары кейінге шегеріле берді.

«Қызыл крест пен БҰҰ өкілдері келіп кеткеннен кейін азаптау шаралары тоқтады. Біз азаптау бойынша шағым түсірдік. Бірақ өтінішімізді ылғи қайтарып отыратын. Аппеляциялық шағымдар арқылы кінәлі адамдарды жауапқа тартуды талап еттік. Бірақ прокуратура үндеген жоқ», – деді Скрипник.

Бүгінде оған жаңа төлқұжат дайындап босатты. Бірақ Виктор қатты күдіктеніп жүр. Себебі оны кез келген уақытта басқа айыппен тұтқындауы әбден мүмкін. Ол тәуелсіздік жолында күресе беремін деп отыр.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз