Виктор Цойдың суреті аукционда рекордтық сомаға сатылды
Аты аңызға айналған музыкант, ақын және актер Виктор Цойдың жұмысы рекордтық 76 972 еуроға (40 527 297 теңге) сатылды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
Ресейдің Vladey заманауи өнер аукционының мәліметі бойынша қайырымдылық шарасы сенбі күні өтті, бұған дейін аукционға дейінгі көрме болған.
«Виктор Цойдың жұмысы үшін 60 000 еуро сомасында «сатылды!» деген сөз естілді, бұл абсолютті әлемдік рекорд, жоғарғы эстимейттен 5 есе асып түсті. Комиссияны қосқанда жиынтық сома 76 972 еуроны құрады», — делінген аукцион сайтында жарияланған хабарламада.
Сурет: vladey.net
Бұл Цойдың көркем шығармашылығына тән сурет — басы төртбұрышты адам екендігі түсіндіріледі. «Кино» тобы лидерінің көркем шығармаларының көп бөлігі фломастермен салынған суреттерден тұрады.
«Жарқын түстерден басқа олардың барлығына ерекше лаконизм мен мәнерлілік тән. Ол қарапайымдылығымен және шынайылығымен балалар шығармашылығын еске түсіреді, бірақ сонымен бірге оның жұмыстары «балаларға тән емес» қара әзілге толы. Бұл жұмыстар махаббат, соғыс және өлім тақырыптарын қозғайды», — делінген материалда.
Ең алдымен рок-музыкант ретінде танымал Цой академиялық сурет салу дағдыларын меңгерген, көркемдік білімі бар, графика, кескіндеме және ағаш оюмен айналысқан. Жас кезінде ол бірнеше жыл көркемсурет мектебінде оқыды, содан кейін В.А.Серов атындағы Ленинград көркемсурет мектебінде көркемдеуші мамандығын оқыды, кейін ағаш оюшы білімін таңдаған.