“Видеоны құрбым таратып жіберген” — гей клубқа барғаны үшін жұмыстан қуылған мұғалімдер бар шындығын айтты

0

Жақында шетелде қыдырып жүріп, гей клубта билеген мұғалімдердің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тараған болатын. Осы жағдайдан кейін оқиғаға тікелей қатысы бар мұғалімдер де жұмыстан қуылған еді. Бірақ олар істің қалай болғанын “КТК” арнасындағы “Астарлы ақиқат” ток-шоуында баяндап берді. 

“Видео үшін қатты ұяламын. Әрине, бұл этикаға жатпайды. Бірақ оны біреу әдейілеп таратқан. Ол — менің бірге жұмыс істейтін құрбым. Тіпті “мына видеоны таратыңдар, қаралымды көбейтіңдер” деген. Бейнежазбаны директор жібергенде әуежайда бір-ақ көрдік. Амилайға тіркелмегенбіз. Клубқа кіргенде ол жанымызға келіп, сол жерде 3 ай жүргенін айтып, тамақ алып берді. Бас тартуды ыңғайсыз санадық” — деді мұғалімдердің бірі.

фото: caravan.kz