Видео желіде тарап кетті — астаналық полицейлер оқиғаның мән-жайын түсіндірді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Оқиға 19 сәуірде сағат кешкі бес шамасында «Байқоңыр» ауданында болған. Полицейлер желіде тараған видео толық емес екенін айтты

АЛМАТЫ, 22 сәуір –Sputnik. Желіде полицияның ер адамды жерге құлатып ұстаған видео тарады. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті бұл видеоның толық емес екенін мәлімдеді, деп жазды Polisia.kz порталы.

Анықталғандай, оқиға 19 сәуірде болған. Сағат 17.00-де «Байқоңыр» ауданы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі мен қорғаныс министрлігінің екі әскери қызметкері жоспарға сәйкес көшелерге рейд жүргізуге кіріскен.

Патрульдеу барысында сағат 18.45 шамасында тұрғын оның көршілері аулада спирттік ішімдік ішіп, шулап, бөтелке сындырып, көршілердің ескертулеріне құлақ аспайтынын айтқан. 

Полиция қызметкері мен әскери қызметкерлер аталған мекенжайда қоғамдық тәртіпті бұзушы он шақты адамды тапқан. Ішінде үш әйел бар.



sputniknews.kz