ВИЧ инфекциясынан толықтай айыққан екінші жағдай расталды — Қазақстан жаңалықтары
Халықаралық мамандар тобы «Лондондық науқастың» АҚТҚ -жұқпасынан (ВИЧ) толықтай айығып, вирустан құтылған екінші адам болғанын растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Зерттеу нәтижелері The Lancet газетінде жарияланды.
Зерттеушілер діңдік жасушалармен емдеуден кейін 30 ай бойы жиналған деректерді талдады. Плазмадан, шәуеттен және жұлын сұйықтығынан сынамалар алынды. ПТР (полимеразды тізбекті реакция) АҚТҚ-1-дің провирустық (геном иесімен кіріктірілген) ДНҚ-ын анықтау үшін пайдаланды. Сонымен қатар, ғалымдар АҚТҚ-спецификалық иммундық жауапты анықтау үшін цитокиндерді жасушаішілік бояу әдісін қолданды.
Ғалымдар вирустық жүктеме, яғни белгілі бір көлемдегі биологиялық сұйықтықтағы вирустар саны, бір миллилитрге бір вирус бөлшегінің табылу шегі бар байқалмайтын деңгейде қалғанын растады. Иммундық жүйенің АҚТҚ-спецификалық реакциялары да байқалмады, ал ДНҚ-ға талдау нәтижелері теріс болды.
Алдымен аурудан жазылған ер адам АҚТҚ жұқтырғандарға тән үдемелі лимфомамен емделді. Дәрігерлер гемопоэздік (қан өндіру) дің жасушаларын CCR5 адгезия ақуызын кодтайтын генінде мутациясы бар донорда трансплантациялауды жүргізді. Бұл қосылыс ақ қан денелерінің — Т-жасушаларының бетінде орналасқан және жасушаның ішкі сигналдары арқылы арнайы молекулалармен байланысады. CCR5-те мутация жасушаға вирустың енуі мүмкіндік бермей, АҚТҚ мембранасына бекітілуін болдырмайды.
Айта кетейік, АҚТҚ инфекциясынан емделген алғашқы науқас Тимоти Рэй Браун немесе 2007 жылы лейкемияны емдеу үшін процедурадан өткен «Берлин пациенті» болды.
stan.kz