Вице-премьер қайтыс болды

0

Өзбекстанның вице-премьері қайтыс болды.

Шенеуніктің коронавирус жұқтырғаны туралы шілде айында белгілі болды. Ол 2020 жылдың ақпан айында вице-премьер қызметіне кірісті

57 жасқа қараған шағында Өзбекстанның вице-премьері Уктам Барноев көз жұмды. Ол үкіметте аграрлық және азық-түлік саласына жауап берді.

Ақпаратты Бұхара облысының жергілікті әкімшілігінде растады, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Айта кетсек, Барноев ұзақ уақыт бойы коронавирустан ем қабылдады. Шенеунікке шілде айында СOVID-19 диагнозы қойылды. Ол Akfa Medline жеке емханасында емделді.

Расталмаған мәліметке сәйкес, Барноев соңғы уақытта Германияда дәрігерлерге қаралды.

Барноев 2020 жылы ақпан айында премьер-министр орынбасары қызметіне орналасты. Бұған дейін ол Бұхара облысының хокимі болған.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз