Вице-премьердің әйелі Қазақстан Даму банкінің аппаратын басқарады

0
112

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың зайыбы Айжан Меңдебаева Қазақстан Даму банкі аппаратының жетекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін Айжан Меңдебаева «Индустриялық даму қоры» АҚ аппаратын басқарған, бюджеттік комиссияның және қордың ақпараттық технологиялар жөніндегі комитетінің мүшесі болды. Индустриялық даму қоры (2020 жылғы 21 қыркүйекке дейін – «ҚДБ-Лизинг» АҚ) «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ еншілес ұйымы әрі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрамына кіреді. Ал Ерұлан Жамаубаев осы холдингтің директорлар кеңесінің мүшесі.

Еске салайық, қарашада ҚДБ-ның басшысы болып Нұрлан Байбазаров тағайындалған еді. Бір қызығы, ол да Жамаубаев сияқты Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (қазіргі Нархоз университеті) бітірген. Келесі төраға ауысқаннан кейін ҚДБ-дағы өзгерістерді күтудің қажеті бар ма деген сұраққа Ulysmedia.kz жауап іздеген еді.

Бұған дейін ҚДБ миллиардтарды кімге таратып жатқанын жазған болатынбыз. Ulysmedia.kz тілшісі ҚДБ-нің 2021 жылға арналған қызметі туралы аудиторлық есеппен мұқият танысып, мемлекеттік банктің өткен жылы қанша несие бергені және ҚДБ-ның жұмыстан босатылған топ-менеджерлерінің еңбектері үшін қандай сыйақы алғаны туралы ақпаратты жариялаған. Оған қоса, ҚДБ өнеркәсіп алыбынан жеңілдікті несиені қалай алғаны туралы жазылған.

Қаңтарда Қазақстан Даму банкін президент Тоқаевты сынап, «белгілі адамдардың банкіне» айналып кеткенін айтқан еді. Арада екі апта өткеннен кейін ҚДБ басшысы жұмысынан кетті.