Вице-министр Қазақстанның қарызы туралы айтты

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

10 0 0

Қаржы министрлігінің өкілдері осы кезге дейін бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін 2,4 триллион теңге қарыз алу керек деп мәлімдеген

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Қазақстанның мемлекеттік қарызы ЖІӨ-нің 25%-не тең, яғни қауіпсіз деңгейде. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік борыш ЖІӨ-нің 25%-не тең. Яғни, белгіленген параметрлер шегінен асқан жоқ, қауіпсіз деңгейде. Бізде барлық міндеттеме сақталған. Мемлекеттік қарыздың жай-күйі жіті бақылауда», – деп сендірді Тәкиев онлайн брифингте.

Биыл коронавирусқа байланысты сәуір айында республикалық бюджетке түзетулер енгізілген еді.

Республикалық бюджеттің түсімдері 11,8 триллион теңге, ал шығыстар 1,4 триллион теңгеге артып, 14,3 триллион теңгеге жетті.

Бюджет тапшылығы 841 миллиард теңгеге ұлғайтылып, 2,4 триллион теңгені құрады.

Оқи отырыңыз: Вице-министр Қазақстанның берешегі туралы: әлі де қарыз алуға мүмкіндік бар

Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін 2,4 триллион теңге қарыз алу керек екенін мәлімдеген болатын.

Оның ішінде 3 миллиард долларды сыртқы капитал нарығынан алу жоспарда бар екенін айтқан еді.



sputniknews.kz