Венгрияда 42 көлік бір уақытта соқтығысып қалды (видео)

0

Венгрия астанасы Будапештен шығаберісте 5 жүк және 37 жеңіл көлік соқтығысты. Осының салдарынан 36 адам жараланған.

Қазір барлығы ауруханада. Дәрігерлер зардап шеккендердің 13-інің жарақатын ауыр деп бағалады. Жол апатынан кейін алапат өрт басталып, 19 көлік отқа оранды. Төтенше оқиғаға жол бойында соққан құмды дауыл себеп болған. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан жүргізушілер алдындағы көліктерді көрмей, бірін бірі соққан.

Ақпарат: http://24.kz

Фото: inbusiness.kz

Видео: stan.kz