Венада монахтарға шабуыл жасаған күдіктілерді іздеп жатыр

Вена қаласының солтүстігінде екі адам католик шіркеуіндегі монахтарға шабуыл жасап, бес адам жараланған. Олардың бірінің жағдайы ауыр. Полиция күдіктілердің монахтарды тонап кеткенін айтады. Жаралылар мен қол-аяғы байланған монахтарды шабуылдан шамамен бір сағат өткен соң шіркеуге келгендер тапқан. Қазір күдіктілерді ұстау операциясы жалғасып жатыр. Австриялық БАҚ-тың мәліметінше, күдіктілерді ұстауға терроризмге қарсы құрылымдар жұмылдырылған. Бірақ полиция істі терроризммен байланыстырмайды.
Дереккөз: Азаттық