Василий Левитке Олимпиадаға жолдама берген жекпе-жектің видеосы жарияланды
Қазақстандық боксшы Иорданиядағы квалификациялық турнирде Тәжікстандық боксшы Давлат Болтаевтан басым түсті
НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз — Sputnik. Белгілі қазақстандық боксшы Василий Левит Аммандағы олимпиадаға квалификациялық турнирде өзінің бірінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
Ширек финалда 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Левит тәжікстандық боксшы Давлат Болтаевпен жекпе-жек өткізді. Левит қарсыласынан басым түсті. Төрешілер бірауыздан осындай шешім қабылдады.
Тағы оқыңыз: Бірде-бір рет жеңілмеген қазақ боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді: видео желіде жарияланды
Бұл жеңіс Левитке Олимпиада-2020-ға жолдама берді. Өйткені ол лицензияға ие болған төрт боксшының қатарында.
sputniknews.kz