“Валерийден ұят болды-ау»: Валерий Меладземен ән айтқан Сәкен Майғазы күлкіге қалды (видео)

0

Қазақстандық әншілер Мақсатқызының 50 жасына келген Меладзеге өз әнін таласа орындады.

«Бір-бірімізге әдемі кедергі жасап, нотадан ауытқып, арагідік, өз дауысымызды өзіміз естімей қалдық»

Smart News басылымының хабарлауынша, кеше ғана атақты продюсер Баян Алагөзова өзінің 50 жас мерейтойын дүркіретіп өткізді. Продюсердің мерейтойына қазақ эстрада, кино жұлдыздары қалмай барған.

Баян Алагөзова өзінің туған күніне әнші Валерий Меладзені шақырып ән шырқаған. Артынша сахнаға қазақстандық әншілер шығып кетіп, Меладзенің әнін орындаған.

Сәкен Майғазының Instagram желісіне жүктеген бейнежазбасында артқы жақта Валерий Меладзе мен Баян Алагөзова тұрса, алдыңғы жағында Айқын Төлепберген мен Сәкен Майғазы Валерий Меладзенің әнін шырқап жатыр.

«Валерий Меладзе мәдениеті жоғары, көпшіл жан. Бірнеше рет көзім жетті. Бір өнерде жүрміз ғой деп, сахнаға бірнеше қонақты өзі шақырды (ешқандай мәдениетсіздік, шектен шығу болған жоқ). Кештің атмосферасы да соны сұрап тұрғандай әсер берді. Бір бірімізге әдемі кедергі жасап, нотадан ауытқып, арагідік, өз дауысымызды өзіміз естімей, (ішпей-жемей) өз көңілімізді өзіміз көтердік. Музыкада шекара жоқ екені кезекті рет көрініс тапты. Сөйтіп Баян қыздың екі 25-ін тойлап қайттық», — деп жазды Сәкен Майғазы.

Желі қолданушылары аталған видеодағы Сәкен мен Айқынның дауысын сынап жарысты.

«Не ғой ренжімеңіздерші, Меладзенің жанында біздің жігіттердің даусы түк болмай қалды», «Меладзе өтірік күлкісі келмесе де амал жоқ күліп тұрған сияқты», «Жаман қазақ орыс бола алмайды», «Валерийден ұят болды-ау Айқынға не жоқ?», «Сіздерде де бар екен ғой, ән айтып жатқанда қасына барып алу» деп әзілдеді әншінің оқырмандары.

фото: ашық дереккөз