«Вакциналармен чиптеу туралы 1989 жылы ескертілді»: Ақпаратқа түсініктеме берілді

0
522

Танымал қазақстандық Telegram-арналардың бірінде адамдарды чиптеу мен оларға жаппай бақылау жасауды 1989 жылы жоспарлағаны туралы ақпарат таратылуда. Бұл 1989 жылғы 1 тамызда The Sun басылымында жарияланған газет мақаласының суретімен расталады. Бұл фейк. Бұл туралы StopFake.kz басылымы жазды.


Мақаланың фотосуреті күні де, газеттің атауы да көрінбейтін етіп түсірілген. Осылайша, мақаланың қайда және қашан жарияланғанын нақты айту мүмкін емес. The Sun атауы ағылшын тілді БАҚ арасында кеңінен танымал. Бүгінде осылай аталатын британдық газет пен онлайн-портал, сондай-ақ аттас журнал бар. Біз мұрағаттардан соңғысының 1989 жылғы 1 тамыздағы шығарылымдын таптық, бірақ онда чиптеу туралы мақалалар болған жоқ. Осылай аталатын британдық газет сайтында мұрағаты бар бөлім жоқ. Google news қызметінде 1989 жылдың тамыз айындағы The Sun газеттерінің цифрланған нұсқалары жоқ, ал Британдық газет мұрағатында 1801 жылдан 1899 жылға дейін шыққан The Sun заманауи басылымының алдындағы нөмірлері ғана сақталған.
Айта кетейік, The Sun деп аталатын заманауи басылым, ресми сайттағы ақпаратқа сәйкес, тек 1969 жылы ғана құрылған.
Вакцинация арқылы чиптеу туралы мақала The Sun газетінде мүлдем жарияланбауы да мүмкін. Мысалы, abovetopsecret.com форумының пайдаланушысы Ридгел Кент басылымның редакциясына осы материалдың жариялану фактісін растау немесе жоққа шығару туралы өтініш білдіргенін жазды. Ол 1989 жылғы 1 тамыздағы нөмірде вакциналардағы микрочиптер туралы мақалалар жоқ деген жауап алды.
Форумға қатысушының хабарламасы 2009 жылғы желтоқсанда жазылған. Газет мақаласының фотосуреті нақ сол кезде кеңінен таралған болатын. 2009 жылы әлемде доңыз тұмауы пандемиясы жарияланды. Вакцинацияға қарсы адамдар сол кезде Желі қолданушыларын қазіргідей әңгімелермен қорқытқан. Атап айтқанда, доңыз тұмауына қарсы препаратпен адамдарға микрочиптер енгізіледі, ал вакцинаның өзі бірқатар ауыр ауруларды, соның ішінде Гуилайн-Барре синдромын тудырады деп мәлімдеді. 
Дәл осындай фейктер бүгінде СOVID-19-ға қарсы вакциналарға қатысты таратылып жатыр.

2009 жылдың қазанынан 2010 жылдың мамырына дейін АҚШ-та 29,1 миллион бала мен 51,5 миллион ересек адам доңыз тұмауына қарсы вакцина алғаны белгілі. 
Оларда Гуилен-Барре синдромының дамуы туралы хабарланған жоқ. Сондай-ақ, қазір олардың ешқайсысы өз денесінде микрочиптерді немесе басқа жасырын имплантацияланған құрылғыларды таппағаны анық.
Доңыз тұмауына қарсы жаппай вакцинациядан кейін 11 жыл өткен соң, осы ауруға қарсы вакциналардың зияны мен құрамында микрочиптердің болуы туралы қастандық теорияларының жалған екендігі дәлелденді деп сеніммен айтуға болады.
COVID-19-ға қарсы иммундауға арналған дәрі-дәрмекке қатысты дәл осындай қастандық теориялары кенеттен шындыққа айналады деп айтуға негіз жоқ.

Сонымен, вакциналардағы чиптер туралы газет мақаласының фотосуретінің дереккөзі белгісіз, сәйкесінше оны сенімді деп санауға болмайды. Материалдың өзінде 2009 және 2010 жылдары доңыз тұмауына қарсы жаппай вакцинация кезінде кең таралған фейктер мен манипуляциялар көрсетілген. 11 жыл өткен соң газетте жазылған «болжамдардың» бірде-біреуі шындық болып шыққан жоқ деп мәлімдеуге болады. Демек, COVID-19 қарсы вакцинациясына қатысты осындай тезистерге де сенуге негіз жоқ.