Home Жаңалықтар «Вакцина алмағандарға 500 баспана»: Балғынбек Имашев қайырымдылық қорын ашты

«Вакцина алмағандарға 500 баспана»: Балғынбек Имашев қайырымдылық қорын ашты

0
2591

Балғынбек Имашев вакцина алмағандарға 500 баспана сыйлау үшін қайырымдылық қорын ашты, деп хабарлайды Stan.kz.

Айтыскер ақын баспаналы болудың шарттарын жариялады. Айтуынша, қор вакцина алмаған, алса да, оны желіге салмаған 500 адамға үйдің алғашқы 30% жарнасын төлеп береді. Қалған 70% ақысын пайызсыз бөліп төлеуге бермек.

«Менің дайректімді оқу, оған жауап беру мүмкін емес. Мыңдаған хаттар келіп жатыр. Сондықтан, басты шарттарды түсіндіре кетейін.

Бұл жоба, ең алдымен, ешбір мемлекеттік бағдарламаға кірмейтін, ешбір банк несие бермейтін, бірақ, төлем қабілеті бар жандарға арналған.

Заңгерлермен ақылдаса отырып, құрамына елге танымал өнер адамдары енген Қамқорлық кеңесі құрылды. Олар сатирик, қоғам қайраткері Көпен Әмірбек, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген Қайраткері, актёр Нұркен Өтеуіл, және айтыскер ақын Данияр Алдаберген», – деп жазды Имашев Instagram-дағы парақшасында.

Жоба бойынша, үйдің құны 2 миллионнан 7 миллион теңгеге дейін болуы тиіс. Еліміздің барлық аймақтары қарастырылады. Үй ақысының қалған 70%-ы 2 жылдан 7 жылға дейін пайызсыз бөліп төлеуге берілмек.

«Қандай құжат жинап, қандай өтініш беру туралы ақпаратты @balgynbekten_baspana парақшасынан алуға болады», – деп хабарлады айтыскер.

Еске сала кетейік, айтыскер ақын мәжбүрлі вакцинаның жарнамасына қарсы ештеңе істей алмайтынын, алайда өзі де қарап жатпайтынын, вакцина салдырмағандарға 500 баспана сыйлайтынын хабарлаған еді.