Вакцина алған және алмаған пациенттер арасындағы рентген айырмашылық көрсетілді

0

Ковидпен бір уақытта ауырған жас шамасы қарайлас екі адамның өкпесінің рентіген түсірілімі жарияланды.

Американдық инфекциялық дәрігер және терапевт Джесси О’Шиа Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында суреттерімен бөлісті.

Екітрмеген науқастың өкпесі күйіп кеткен, ектірген адамның өкпесі аздап қана қабынған, бірақ тез сауығып кеткен.

Дәрігер бірінші сурет Pfizer вакцинасын алған және екі аптадан кейін COVID-19 жұқтырған 47 жастағы ер адамға тиесілі екенін айтты. Дәрігердің айтуынша, науқаста артық салмақ болған, бірақ ешқандай қосымша ауруы болмаған. Ер адамда жиі байқалатын белгілер: мұрыннан су ағу, дененің ауырсынуы және жөтел тәрізді белгілер байқалған. Кеуде қуысының рентгені салыстырмалы түрде қалыпты.

Ал екінші, төменгі сурет салмағы қалыпты және дәрі қабылдамайтын 50 жастағы науқасқа тиесілі. Дәрігер науқастың кеуде қуысының рентгенінде диффузды бұзылу, екі өкпеге де зақым келіп, тығызданғанын және жедел респираторлық стресс синдромы (Ards) бар екенін айтты. Оның айтуынша, бұл сурет коронавирустың ең қауіпті асқыну жағдайына ұқсас.

Инфекционист науқасты өкпені жасанды желдету және экстракорпораль мембраналық оксигенация (ЭКМО) аппаратына қосу қажет екенін түсіндірді.

Дәрігер жазбасында жұқпалы аурулар мен олардың салдарын болдырмау үшін вакцинация ең тиімді әдіс екенін көрсеткісі келгенін жазған.