Вагонда болған өрттен ер адам қаза тапты

0

«Шағын вагонның ішінде ағаш қаңқа мен қабырға өртенген. Ондағы екі ер адам эвакуацияланды. Бірақ олардың бірі — 56 жастағы ер адам ыстан уланып қалғандықтан сол жерде көз жұмды», — деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі.

Зардап шеккендердің екіншісі ауруханаға жеткізілген. Ведомство өкілдерінің айтуынша, өрт жерге төгілген көлік майынан басталған.

Дереккөз: ҚазАқпарат