«Вагнер» басшысы «әділдік маршын» өткізуге уәде берді: Ресейде әскери төңкеріс дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

0

Ресейде «Вагнер» жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожиннің мәлімдемесінен кейін федералды қауіпсіздік қызметі қарулы төңкеріс туралы қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Евгений Пригожин Ресейдің қорғаныс министрлігі «Вагнер» әскеріне соққы жасағанын мәлімдеген. Ал ВВС қызметінің мәліметінше Пригожин мен қорғаныс министрлігі арасындағы дау шегіне жеткен. «Вагнерге» жасалған соққыдан кейін Пригожин «әділдік маршын» өткізуге уәде берген. Мұны көпшілігі әскери төңкеріс қауіпі деп бағалады.

Ресей билігі соққы жасалғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Ресей федералды қауіпсіздік қызметінің тергеу басқармасы 2023 жылдың 23 маусымында Евгений Пригожинге қатысты қарулы төңкеріс дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 279-бабымен іс қозғады. Оның іс-әрекетіне лайықты құқықтық баға беріледі. Бұл қылмыс үшін 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – делінген Ресейдің бас прокуратурасының мәлімдемесінде.

Сонымен қатар федералды қызмет «Пригожиннің бұйрығына бағынып, орыс халқына қарсы қылмыс жасамауға және қателік бой алдырмауға шақырды».

Мәлім болғандай Ресейдің қорғаныс министрлігі, ішкі істер министрлігі мен федералды қызмет Путиннің тәулік бойы қабылданған шара бойынша баяндап отырады. Бұл туралы Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков хабарлады.

БАҚ мәліметінше Ростов-на-Дону аймағында брондалған техника байқалған. Кейін көшедегі камералар істен шығыпты. Ал «Вконтакте» мен Яндекс Пригожиннің мәлімдемесін бұғаттай бастаған.