«Үзіліс алды»: Альварестен жеңілген Головкин рингке қайта орала ма?
Орта салмақ бойынша экс-чемпион Геннадий Головкин 25 қыркүйек күні өзінің промоутерімен кездесіп, алдағы уақытқа жоспарларын талқылады. GGG мен арада болған кездесу барысында қозғалған тақырыптар жөнінде Том Леффлердің өзі айтып берді деп жазады sports.kz сайты.
15 қыркүйек күні кәсіпқой бокстағы мансабында алғаш рет жеңіліс тапқан Головкин өз промоутерімен кездесіп, болашақтағы жоспарларымен бөлісті.
Геннадий уақытша үзіліс алуды жөн санады. Ол бәрін толыққанды ойланып, таразыға салып көрмек. Оның қашан қайтадан жұдырықтасатыны әзірге белгісіз.
Төрешілер шешіміне бәріміз ойлағандай оның да көңілі толмаған. Менің ойымша, Головкин жылдың соңына дейін жекпе-жекке шықпайды.
Ал Альвареспен үшінші кездесу жайында айтатын болсақ, ол біз үшін аса маңызды жекпе-жектердің бірі болып қала береді. Сол себепті, ол жағы алдағы уақытта белгілі бола жатар. Әзірге ондай келіссөздер жүріп жатқан жоқ.
Жанкүйерлер — бокстың елеулі күші. Олардың барлығы төрешілер шешімімен келіспеді. Сол себепті, олар үшінші жекпе-жектің болғанын қалайды.
Екінші жұдырықтасудан кейін наразылық пікірлер саны бірінші кездесуден кейінгіден де анағұрлым көп болды. Өйткені, төрешілердің күмәнді шешімі Геннадийді жүлделерінен айырды.
Алайда, күллі әлем Головкиннің жеңілмегені анық екенін сенімді түрде айтуда» , — деп жеткізді GGG-мен арадағы әңгімесін Том Леффлер.