Үздік дәстүрлерді ұрпақ санасына сіңіру – өнегелі іс

0
92

Бұдан соң Астана, Алматы және Орал қалаларындағы жоғары оқу орындары мен сараптамалық орталықтарына бірнеше рет іссапармен барудың сәті түсті. Алайда, сол кезде қалтамдағы соң­ғы ақшама Қазақстан Президенті Нұрсұл­тан Назарбаевтың кітаптарын («В по­токе истории», «Эпицентр мира», «Кри­тическое десятилетие» және бас­қалары) сатып алған алғашқы сапарым есімде сақталып қалды.

Бір әріптесімнің: «Саған Н.Назар­баев­тың еңбектерінің керегі қанша?» деген сауалына, «Қалай? Сіз оның нелік­тен қажет екендігін түсінбедіңіз бе? Бұл нағыз дереккөз! Бұл заманауи Қа­зақстанның стратегиясы мен даму жолы», деп таңырқай жауап бер­генім есімде. Осы оқиғадан соң Қа­зақ­стан Президентінің жыл сайынғы жол­дауларын мұқият талдай келе қазақ­стандық қоғамға зор ықпалын тигізетін ұзақмерзімді «Қазақстан-2030», «Қа­зақ­стан-2050», «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламаларының барына шын көңіліммен қуандым.

Мұндай құжаттарға әдетте түрлі көзқарас болғанымен, олардың мем­ле­кеттің дамуы мен ұлттық идеяны қа­лып­тастыруға ықпалы зор болады. 

Биылғы 21 қараша күні Ақорданың ресми сайтында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы дала­ның жеті қыры» атты мақаласы жария­ланып, оның «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасының заңды жалғасы екендігіне көз жеткіздім. Бұл еңбекте ел тарихы мен қазақ халқының әлемдік дамуға қосқан үлесі басты назарға алынған. Оған қоса, мақалада Қазақстанның тарихи сабақтастықтың жалғастырушы қасиетіне, қазақ даласының ұлы же­тіс­тіктері және қазақ халқының бүгіні мен ертеңіне маңыз берілген.

Мақала қазіргі сәттің маңызын ашық сипаттайды – Қазақстан саяси транзит жағдайы мен ұрпақ алмасуының алдында тұр. Жаңа буын немесе цифр­лы қоғамның биік мұраттары, өмірлік бағ­дары және даму келешегі бойынша алдыңғы буыннан айтарлықтай өзге­ше болатындықтан, ұрпақтар сабақ­тас­тығының тіні ажырап кетпеуі тиіс.

Алайда, тарихи жадыны сақтап қа­лу мен байыту үдерісінде Қазақстан әлеу­меттік-экономикалық тұрғыда өр­кендеуді, адам капиталын дамытуды қаперден шығармау қажет. Өзінің өтке­німен мақтану, үздік дәстүрлерді ұрпақ­тарына сіңіру, жарқын болашағына сену – толық қалыптасқан әрі өзіне сенімді адамның ісі.

Марина ЛАПЕНКО,

тарих ғылымдарының кандидаты, Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университеті Тарих және халықаралық қатынастар институты халықаралық қатынастар және Ресейдің сыртқы саясаты кафедрасының доценті, «Еуразия-Поволжье» ақпараттық-сараптамалық орталығының директоры