«Ұзатылғанына тура бір жыл»: Салтанат Нүкенованың інісі қарындасының ұядан ұшқан күнін еске алды

0

Марқұм Салтанат Нүкенованың інісі Айтбек Амангелді қарындасының ұзатылған күнін еске алды. Бұл туралы Kznews.kz медиа порталы хабарлайды. 

Айтбек Амангелді қарындасының өлімінен кейін тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген қыздарға қолдау көрсетінін де атап өтті. 

«Салтанат әділдікті жаны сүйетін және қолдан келгенше өзгелерге көмек қолын созуға тырысатын, бұл бізге ата-анамыздан дарыған. Ол өз жұмысын қатты жақсы көретін және өзіне жеке консультацияға келетін барлық қыз-келіншектерге көмегін аямайтын. Ал кешке үйге келгенімізде ол «біздің отбасымыз қандай бақытты» деп жиі айтатын.

Бала күнімде маған оған ойнап болсын қол көтеруге тыйым салынатын, әкем «Ол қыз бала, тиісуге болмайды» дейтін. Біздің үйде ешқашан ешкім-ешкімге қол көтерген емес.

Бізге бақытты балалық шақ сыйлаған ата-анамызға мың алғыс…

Қазір бәрі Салтанаттың ерекше миссиясы болғанын айтып жатыр және сол мақсатта мен және менің жақындарым жұмыс істеп жатырмыз. Біз оның өлімінен кейін, ел бойынша бас көтерген көптеген әйелге заң және басқа да тұрғысынан қолдау көрсететін боламыз.

Айтпақшы, бүгін Салтанаттың ұзатылғанына бір жыл… Уақыт жүйрік» деп жазды ол.