“Ұзатуда аналар өтірік жылайды” — асаба елдің ашуына тиді

0

Өзін үздіктердің үздігі деп таныстырып жүрген Берік Жорабаев ұзатуда аналардың өтірік жылайтынын айтып, елдің ашуына тиді. Себебі оның ойынша қызын әкесі ғана шын жақсы көреді.

«Қызын ұзатып жатып әкелері ғана шынымен жылайды, ал аналардікі өтірік. Себебі мен мұндайды көзіммен көргем” , — деді ол.

Сондай-ақ асаба мысал да келтірді.

“Ұзатуда жылап тұрған анасын бір адам жұбата алмай жатыр еді. Мен биші қыздардың ақшасын беруін сұрағанымда, ол дереу жасын тыйды да, есептесіп кетті”, — деді.

Асаба бұл арқылы аналарды төмендетіп емес, әке мен қыздың арасындағы махаббатты жеткізгісі келгенін айтып ақталды.

Бірақ бұл сөзбен желідегі оқырмандар келіспей, өз ойларын жарыса жеткізді.

«Не айтып отырсыз? Бірінші ана болып алыңыз!», «Бишілердің ақшасын неге әкесінен сұрамадың?», «Әке дайын тойда жүреді, ананың мойнында тойдың бар қамы тұрады», «Қазіргі уақытта қызына нағыз қамқор әкелер аз! Әйел қырық жанды», «Мына айтып тұрған сөзіңіз мүлдем дұрыс емес», «Сіз қайдан білесіз? Бәрі іште болады», деп жазды халық.

фото: ашықдереккөз