«Ұзаққа созуға болмайды» Заңгер сайлаудың неге мерзімінен бұрын өтетінін түсіндірді

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Заң ғылымдарының докторы Сергей Ударцев президент сайлауын неге 2020 жылға қалдыруға болмайтынын түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Қазақстандағы президент сайлауын келесі жылға қалдырмай, жақын арада өткізу ең дұрыс шешім болды, деп пікір білдірді заң ғылымдарының докторы Сергей Ударцев Sputnik Қазақстан баспасөз орталығындағы алаңқайда.

Конституцияда жазылғандай, кезекті президент сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізілуі тиіс (41-бап, 3-тармақ). Сайлауды өткізуді республика басшысы тағайындайды, ал мерзімін «ҚР-дағы сайлаулар туралы» заңның 66-бабы 1-тармағына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы белгілейді, деп атап өтті заңгер.

«Айта кетсек, Конституция бойынша сайлауды 2020 жылдың желтоқсан айына қалдыруға мүлдем болмайтын, себебі бес жылдық мерзім біткен соң 2020 жылдың сәуірінде сайланған лауазымды тұлға заңсыз болып қалар еді. Президент сайлауын 2019 жылдың желтоқсанында да өткізуге болар еді, бірақ ол да бәрібір кезектен тыс сайлау болып саналады. Сол себепті ұзаққа созудың не қажеті бар? Сайлауды 9 маусымға тағайындау – ең дұрыс шешім», — деді заң ғылымдарының докторы Сергей Ударцев.

Иманғали Тасмағанбетов президент сайлауына қатыса ма?

Өткен сейсенбі 9 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық арналардың тікелей эфирінде Қазақстан халқына жариялаған үндеуінде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының президентін сайлау 2019 жылдың 9 маусымында өтеді. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2019 жылдың 10 сәуірінен 28 сәуіріне дейін созылады.

Президент сайлауына қанша қаражат кетеді?



sputniknews.kz