Ұзақ өмір сүруге генетиканың қатысы аз болып шықты

0
Ұзақ өмір сүруге генетиканың қатысы аз болып шықты


Жарты миллиардқа жуық адамнан тұратын әлемдегі ең ірі шежіре адамның ұзақ өмір сүруіне генетиканың әсері өте төмен екенін көрсетті. 

Ғалымдардың мұндай тоқтамға келгені туралы Genetics журналында генетикаға арналған мақалада жарық көрді.

Америкалық зерттеушілер 400 миллион адамның өмірі туралы мәлімет жинап, сараптап, адам тұқымының ғұмырға деген әсері өте кішкентай деген қорытынды жасады. Дегенмен генеика адамзатты қартаюдан құтқаруға септігі бар деп санайды ғалымдар.

Мамандар туысқандықты анықтау үшін ДНҚ жинайтын компанияның мәліметтерін зерттеді. Олар 54 миллион адамның ДНҚ-сын, сондай-ақ олардың туыстарының геномдардағы кіші мутация жиынтығын зерттеді. Бұл 400 миллион адамның ең үлкен шежіресін құруға мүмкіндік берді. Сонымен бірге, сарапшылар ерлі-зайыптылардың өмір сүру ұзақтығы туыстарына қарағанда бір-біріне жақынырақ екенін анықтады. Өмір сүру ұзақтығына табыс деңгейі, диета және т.б. сияқты жалпы әлеуметтік факторлар әсер ететінін анықтады. Зерттеу көрсеткендей, тек 7% генетикаға тәуелді. Демек, тұқымында ғұмыры ұзақ адамдар болған деген әңгіме тек 7 пайызға ғана қатысты болып шықты. Бұл дегеніміз, тұқымында өмір сүру салты дұрыс болса ғана ол өмір сүру көрсеткішіне әсері болады.