ұзақ өмір сүру құпиясы

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Ұлыбритания тұрғыны әлі күнге дейін өз еңбегімен қаражат табады

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз — Sputnik. Ұлыбритания тұрғыны Боб Уэйтон «өлімнен қашып жүріп» 111 жасқа келгенін айтады, деп хабарлайды Sky News.

Қария қиындықпен күресудің арқасында ғана осы жасқа жеттім деп отыр.

«Адам болғасын жұрт секілді мен де сырқатқа шалдықтым. Тұмау мен суық тиетін. Екі-үш ота жасаттым», — дейді ол.

Қария адамдардың өзіне аса көп көңіл бөлгенін қаламайтынын жасырмады. Тіпті Елизавета II патшайым атынан жыл сайын жолданатын құттықтау хаттан да бас тартқан. Ол әлі күнге дейін қажетті азық-түліктің бәрін өзі сатып алады. Енді туған күніне сыйланған «Боб, 111 жас» деген жазуды өзімен бірге алып жүреді. 

Тағы оқыңыз: Ұзақ өмір сүру үшін қандай тамақ жеген жөн

«Күн сайын ботқа жеп, сүйікті ісіңмен айналысу да ұзақ өмір сүруге септеседі»,- дейді қария.

Кезінде ұстаз және инженер болған Уэйтон әлі күнге дейін ағаштан бұйым жасап сатады. 

Қарияның айтуынша, ол 111 жыл өмір сүру жеткілікті деп санаған. Ал қазір болашаққа жаңа жоспар құрып отыр. Бобтың екі ұлы, бір қызы, он немересі мен жиырма бес шөбересі бар.



sputniknews.kz