«Уволи на*у, тілің шығып тұр ма»: Ақсулық полиция бастығы шулы видеодан кейін қызметінен кетті
Ақсу аудандық полиция бөлімінің бастығы өзіне қатысты әлеуметтік желілерде жарияланған видеодан кейін қызметінен кетті, деп хабарлайды zakon.kz.
Ішкі істер органы қызметкерінің әрекеттері түсірілген видео желіде 4 мамырда пайда болды.
– Бұл қызметкер персоналмен жұмыс істеу кезінде өрескел қателік жібергенін мойындады және қызметінен босату туралы рапорт берді. Дегенмен, бұл фактіге қатысты менің тапсырмам бойынша Алматы облысы ІІД Ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу жүргізіп жатыр, оның қорытындысы бойынша болған жағдайға объективті баға беріледі, – деді Алматы облысы ПД бастығы, полиция генерал-майоры Серік Күдебаев.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде «Ақсу аудандық полиция бастығының міндетін атқарушы өзін қалай-қалай ұстайды» деген тақырыпта видео пайда болған еді.
(Назар аударыңыз, бейнеде боқауыз сөздер бар)