«Ұтылғанын көріп, көлігімді бердім»: Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы Қайрат Нұртасты қалай казинодан құтқарғанын айтты

0

Болат Назарбаевтың экс-жары Динара Алжан «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сұхбат беріп, әнші Қайрат Нұртасты казинодан қалай құтқарғанын айтып берді, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі. 

2016 жылы экс-президенттің інісіне тұрмысқа шыққан атыраулық келіншек Болат Назарбаевтың 15 сотық жерімен үй және қымбат көлік сыйлағанында айтты. Өнер жолына бет бұруды көздеген Динара кейін шоу-бизнес өкілдерімен танысқан. Әнші Кенталмен бірге казиноға барып, ұтылып қалған Қайрат Нұртасқа сол жерде көлігін беріп кеткенін айтты.

«Кентал ән жазуды ұсынды. Бауыржан Беймахановтан «Үндемейді жүректі» 1500 долларға алдым. Бейнабаянды бір жігіт түсіріп берді, қымбат емес. Оны өз үйімде түсірдім. Кентал студиямен таныстырды, сөйтіп араласып кеттік. Оған көмектестім. 20 мың доллардай қаражат бердім. Анасымен де таныстырды»- дейді Динара Әлжан.

Назарбаевтың экс-жұбайының айтуынша, Кентал бір күні оған казиноға шаруалармен барып келуді ұсынған.

«Бір күні маған казинода бірдеңе болып қалды, досыма барып келейікші деді. Бардық. Бір досы бар пайызға ақша береді.  Қасында тағы бір әнші болды, таныстырды. Қиналып отыр екен,  «қара енді көмектескің келсе, көмектес» деді Кентал» — дейді әнші.

Осы сәтте Нұрсейіт Жылқышыбай қиналып отырған әншінің кім екенін нақтылау үшін «Қайрат Нұртас па?» деп сұрады.

«Иә, қатты қиналды ол. Қайрат Нұртастың өзі бала емес, ол да бір сынақ болар. Жастық шақта не болмайды, әдейі бармаған шығар. Ұтылып қалғанын көріп отырмын, мен машинамды бердім. Ертең түсте машинаңды қайтарамын, үстіне 2 мың доллар қосып беремін деді», — деп қиналған әншінің Қайрат Нұртас екенін растады.

Динара Әлжан артық ақшаның керек емес екенін, тек алдағы уақытта казиноға жоламауын сұрағанын айтты.

«Мына жерден тыныш кетсеңіз болды, ойнамаңыз. Сізге мұндай мәселе неге керек? Халықтың баласы, өзім аяп кеттім. Кім қателеспейді деп машинамды бердім» – деді Динара.

Осылайша Қайрат Нұртаспен келесі күні кездесіп, әнші көлігін қайтарған.