Үстіне жанармай құйған: Медресе директоры тәніне қол жүгірткенін айтқан қызды тірідей өртеп жіберген — Қазақстан жаңалықтары

0

Бангладештегі медреседе сұмдық жайт орын алды. Медресенің 19 жастағы шәкірті Нусрат Джахан Рафи  полицияға шағымданып, директордың өзіне секусалдық алымсақтық жасағанын айтыпты. Оның сөзінше, директор өз кабинетіне шақырып алып, артынша тәніне қол жүгірткен.

Үстіне жанармай құйған: Медресе директорының тәніне қол жүгірткенін айтқан қызды тірідей өртеп жіберді (видео)

Полицейлердің бірі қыздың әңгмесін видеоға түсіріп алып, жариялап жіберіпті. Видео кадрларынан Нусраттың жылап, қолымен бетін жауып отырғаны көрінеді. Ал полицейлердің бірі одан жылауын тоқтатуын сұрап, жылауға еш себеп жоқ екенін айтқан. Десе де медресе директоры тұтқындалды. Мұнан кейін Нусратқа қоқан-лоққы жасала бастапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап.

Артынша Нусратты медресенің шатырына алдап шақырған. Ол жерде бетін паранджамен жапқан адамдар жиналып, қыздан шағымын қайтарып алуын талап етіпті. Алайда Нусрат олардың айтқанын орындаудан бас тартқанда, олар қыздың үстіне жанармай құйып, өртеп жібереді. Салдарынан қыздың денесінің 80 пайызы күйіп қалып, ауруханада төрт күн жатқаннан кейін көз жұмған. Ол өлерінің алдында өзіне қалай шабуыл жасалғанын айтып беріпті. Сонымен қатар өзіне шабуылдағандардың арасында медресе шәкірттері де болғанын жеткізген.

Нусраттың ағасы Макмудул Хасанның сөзінше, сол күні қарындасын медресеге шығарып салып, онымен бірге ғимаратқа кірмек болған. Алайда оны кіргізбей қойған екен. 

Осы жағдайдан кейін ел тұрғындары Нусратты қолдап, наразылық танытты.

Қыздың өліміне қатысты іс бойынша 17 адам тұтқындалған. Олардың бірі директордың бұйрығын орындағанын мойындапты. Ал Нусратты видеоға түсіріп алған тәртіп сақшылары қызметінен босатылды.

Бангладештің премьер-министрі Шейх Хасина марқұм Нусраттың отбасымен кездесіп, оның өліміне кінәлілердің бәрі жазаланатынын айтыпты. 

stan.kz