«Ұсқынсыз түріне бола» жұмысқа тұра алмаған жігіт отадан кейін танымастай өзгеріп кетті (фото)

0

Вьетнамда 26 жастағы жігіт «ұсқынсыз түріне бола» жұмысқа тұра алмағандықтан, бет-әлпетіне бірнеше рет пластикалық ота жасатқан, деп хабарлайды Nur.kz сайты.

Ер жігіт бұл үшін тіпті 17400 долларын сарп етуден тайынбаған. Ол сымбатты азаматқа айналып, жақсы жұмысқа орналасқысы келгені соншалық, тоғыз рет ота жасатуға дейін барыпты.

Куйен есімді азаматтың бұлай істеуіне жұмыс берушілермен кезекті сұхбаттасуы әсер еткен екен. Жұмыс берушілер жігіттің «ұсқынсыз» екенін айтып, оны әбден мазақ етіп, жұмысқа алудан бас тартыпты.

Жұмыс берушілердің сөзін жүрегіне жақын қабылдаған Куйен түрін түбегейлі өзгертуге бел буады. Ол ринопластика жасатып, иегін, ернін, тіпті көзін де пластикалық отаның көмегімен өзгертіп тастаған.

Бүгінде жігіттің отаға дейінгі суреті мен отадан кейінгі суретін салыстырып қарасаңыз, екі суретте де Куйен екендігіне сену қиынға соғады.

Хошимин қаласында тұратын Куйен қазір визажист. Ол түрін адам танымастай өзгерткеніне еш өкінбейді. Тіпті бүгінде әлеуметтік желідегі парақшасына жазылушылар саны артқанын байқаған азамат өмірі жақсы жаққа өзгеріп жатқанын айтады.