Үскірік аяз: Павлодар, Қостанай және Семейде сабақтар тоқтатылды — новости Казахстана

0

Қазақстанның бірнеше аймақтарында күн суытуына байланысты мектеп сабақтары тоқтатылды. Синоптиктер кей аймақтарда температура -33 градусқа төмендегенін мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

Павлодар, Қостанай, Семейда сабақтар тоқтатылды

Көрнекі фото:74.ru

Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының білім басқармасы бірінші ауысым оқушыларының сабақтары тоқтатылды.

Павлодарда ауа температурасы — 33 градусқа жеткендіктен 1 мен 11 сынып оқушыларының сабақтары тоқтатылды.

Шығыс Қазақстанда Риддер және Семей қалаларында термометр көрсеткіші -27…-28 градусқа жеткендіктен 1 және 9 сынып оқушылары үйлерінде қалды.

Сонымен қатар, Шемонаиха ауданында бір мен төртінші сынып оқушылары, ал Бесқарағай ауданында 1 мен 11 сынып оқушыларының сабақтары тоқтатылды.

Бұл аудандарда -31…-33 градус аяз тіркелген.

Қостанайда ауа температурасы -20…-30 градусқа төмендегендіктен бастауыш және орта сынып оқушылары үйде қалды.

Дереккөз: kaz.nur.kz