Үсік жүреді: Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

0

Қазақстанның 6 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

12 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысында кей жерлерде 1 градус үсік болады, күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болады. Түнде кей жерлерде 2 градус үсік күтіледі.

12 мамырда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болжануда. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді.

12 мамырда Атырау облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді.