Үшжақты комиссия өз нәтижесән береді

0

Облыс әкімінің орынбасары Олжас Смағұловтың төрағалығымен әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу туралы облыстық үшжақты комиссия отырысы өтті.

Әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық үшжақты комиссия мүшелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2018» конкурсының қорытындыларын, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі алдағы жылға жұмыс жоспарының жобасын қарады.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың атынан конкурстың лауреаттары мен қатысушылары — «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «АЗХС» АҚ, «Қазақ Ойл Ақтөбе» ЖШС, «СНПС- Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Восход-ОгіеІ» ЖШС, «Сағыз Петролеум» ЖШС ұжымдарына «Парыз-2018» конкурсының дипломдарын табыс етті. Олар корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік принциптерін іске асыруда жоғары нәтижелерге қол жеткізді, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты үнемі өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін жүзеге асырып, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына қамқорлық пен қайырымдылық, демеушілік және көмек көрсетеді.

2018 жылы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі республикалық байқауына Ақтөбе облысынан 55 кәсіпорын субъектілері қатысты. Олардың қатарында ірі, орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері, тау-кен өндіру, тау-кен металлургия саласы, құрылыс материалдарын өндіру, химия өнеркәсібі, мнай-газ секторы, энергиямен жабдықтау, құрылыс, ауыл шаруашылығы салалары да бар. Биылғы желтоқсанда Мемлекет басшысының қатысуымен жобаларды таныстыру жөніндегі жалпыұлттық телекөпір өткізу аясында «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының лауреаттарын марапаттау рәсімі өткені белгілі. Онда «Үздік ұжымдық шарт» номинациясында ірі кәсіпорындар субъектілері арасынан «Қазхром» ТҰК» АҚ бірінші орын, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында «Союз Гранд» ЖІІІС екінші орын, және «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясында орта кәсіпкерлік субъектілері арасынан «Экотон-Батыс» ЖШС үшінші орын алды. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия мүшелері 2019 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.

«Қамшы» сілтейді