“Үш сәбиінен де айырылды” — Сәкен Бибосыновтың отбасындағы трагедия туралы айтылды
Боксшы Сәкен Бибосыновтың бапкері чемпионның қазіргі таңда басынан өткеріп жатқан қиын кезеңдері туралы «Спорт+» телеарнасындағы подкастта айтып берді.
Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионаты кезінде Сәкен Бибосынов үшінші сәбиінен айырылып қалғанын естіген.
«Тайландтағы жеңілістен кейін ол менің бөлмеме кіріп, болған жағдайларды баяндап, еңіреп жылады. Сосын қосылып жыладық. Өз жігіттерімізді өзіміз қолдайықшы», — деді бас бапкер.
Бапкердің айтуынша, бұған дейін де құрсақта екі сәбиі шетінеп кеткен, бұл жағдай үшінші рет қайталанып тұрған көрінеді.