үшінші полицей жансақтау бөлімінде жатыр
Қысқа сілтеме алу
Жол апаты кезінде жедел уәкіл Сейдазым блок бекетте планшетпен көлік жүргізушілерінің рұқсат қағаздарын тексеріп тұрған
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр — Sputnik. Алматы қаласының полициясы ауруханаға түскен құқық қорғаушының жағдайы туралы айтып берді. Ол мас жүргізуші блок бекетке соғылған кезде жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, есірткі бизнесіне қарсы шұғыл уәкіл Ербұлан Сейдазым жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр.
«Ол карантин енгізілген бірінші күннен бастап блок-бекетте жұмыс істеген. Бүгін түнгі кезекшілікте болды. Дәл қазір оның қалай жарақат алғанын айта алмаймыз. Бірақ бетон плитасынан ұшқан бір кесек тастан жарақат алды деген болжам бар. Енді бір нұсқа бойынша көлік жүргізуішісі алдымен оны соққан, сосын барып, патрульдік көлікке соғылған», — дейді Әзірбек.
BMW көлігі, алдымен, блок бекет қоршауы, кейін патрульдік көлікпен соқтығысқан
Оның сөзіне қарағанда, жол апаты кезінде жедел уәкіл Сейдазым блок бекетте планшетпен көлік жүргізушілерінің рұқсат қағаздарын тексеріп тұрған.
«Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғаушылар осы оқиғаның хронологиясын анықтайды. Барлық қажетті сараптама жасалады. Қазіргі кезде ауыр жарақат алған полицей №7 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Бас сүйегінің самай мен желке сүйегі сынған. Жағдай өте ауыр», — деп атап көрсетті Әзірбек.
Айта кетейік, трагедия бүгін таңғы сағат алтыда Алматыдағы Көксай шағын ауданында болды. BMW көлігін тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші, алдымен, блок бекет қоршауына, содан кейін патрульдік көлікке соқтығысқан.
42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында қаза болды. Ал екінші полицей Дастан Әбдіқанов ауруханада есін жимастан көз жұмды.
sputniknews.kz