Үшеуі бір төсекте жатады: Үйлену тойына келген бейтаныс қызға күйеу жігіт те, қалыңдық та ғашық болып қалды — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
АҚШ-та полиаморлы жұп үйлену тойына бейтаныс қызды қонаққа шақырған. Артынша жас жұбайлар оған ғашық болып қалыпты.
Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
22 жастағы Каралин Генри 5 жыл бұрын жігіті Джастинге өзінің қыздарға қызығатынын мойындаған. Өз кезегінде жігіті оған қыздармен кездесе беруге кеңес беріпті. Мұнан кейін бойжетккен Солтүстік Ирландияда тұратын Лана есімді қызбен араласа бастаған.
2018 жылдың қазан айында ғашықтар үйлену тойын жасаған. Олар тойға Лананы да шақырыпты. Тойда жас жұбайлар бейтаныс қызбен алғаш рет жүздеседі.
«Біз қол ұстасып, билеп, сағаттап ән айттық. Сол күнді ешқашан ұмытпаймын», — дейді Каралин.
Сонымен қатар Каралин өзі де, Лана да асексуал екенін айтты. Сондықтан бір төсекте үшемізі жатудан қымсынбаймыз, дейді ол.
«Джастин асексуал емес. Алайда ол біздің қарым-қатынасымызға түсіністікпен қарайды», — дейді ол.
Ал Джастин тойда Лананы көрген кезде оған ғашық болып қалғанын мойындады. Ендігі Каралин үш адамның үйленуіне рұқсат берілмейтініне өкінеді. Айтуынша, өзгелері олардың қарым-қатынасын жиіркенішті деп атайды екен.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz