Ұшақта ұшқыш пен стюардесса төбелесіп кетті – видео
Қысқа сілтеме алу
Екі қызметкер де жұмыстан босатылып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қамауға алынды. Оқиғаның бейнежазбасын полиция қарап жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Интернетте Republican Airways әуе компаниясының ұшқышы мен стюардессасы арасындағы төбелестің видеосы жарияланды.
Оқиға лайнер Денвер (АҚШ) әуежайында ұшуды күтіп тұрған кезде болған, деп хабарлады ABC News. 14 қыркүйектегі жанжал енді ғана белгілі болып отыр.
Ұшақта 36 жастағы ұшқыш Уильям Томас пен 29 жастағы стюардесса Мариша Спорер төбелескен. Бортта жолаушылар болмаған.
Жарияланған видеода ер адамның қызға жақындап келіп, түкіріп жібергенін көруге болады. Ал стюардесса оның бетінен екі рет шапалақпен тартып жібереді. Ұшқыш жұдырығын ала жүгіріп, оның қабырғасы мен бетінен ұрады.
Тағы оқыңыз: «Өртенді, өртеніп жатырмыз». Мәскеуде ұшақта түсірілген жантүршігерлік видео
Томас пен Спорердің 2018 жылдың қарашасынан бері романтикалық қарым-қатынаста болғаны анықталды. Қыз сүйіктісінің телефонынан төбелеске себеп болатындай бір нәрсе тауып алған деп болжануда.
Екі қызметкер де жұмыстан босатылып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қамауға алынды. Оқиғаның бейнежазбасын полиция қарап жатыр, сот келесі аптада өтуі тиіс.
sputniknews.kz