Ұшақ шұғыл қонды: жолаушы біртүрлі әрекетімен жұртты дүрліктірді

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Куәгерлердің бірі полиция қызметкерлері жолаушыны ұшақтан шығарған сәтті видеоға түсіріп алған. Әуежай өкілі ер адам қамауға алынғанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз — Sputnik. Ер адам ұшып бара жатқан ұшақтан шықпақ болды, деп хабарлайды The Sun.

​American Airlines әуе компаниясының лайнері Чикагодан Далласқа бет алған. Алайда Сент-Луис Ламберт қаласында шұғыл қоануға тура келді.

Жолаушылардың бірі ұшып бара жатқанда апат кезінде шығуға арналған есікті ашпақ болған. Экипаж мүшелері мен өзге жолаушылар ер адамды жерге құлатып, ұшақ қонғанға дейін ұстап тұрды. 

Тағы оқыңыз: «Жағамызды ұстадық» Қазақстандық стюардессаның ашық әңгімесі

Куәгерлердің бірі полиция қызметкерлері жолаушыны ұшақтан шығарған сәтті видеоға түсіріп, Twitter-де жүктеді. Әуежай өкілі ер адам қамауға алынғанын хабарлады.  



sputniknews.kz