«Ұшақ берсе де артық емес»: Ақсуат жұрты Ринат Зайытовқа көлік мінгізді

0

Ақсуат ауылында өткен спорт пен өнер фестивалінде халық мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытовқа темір тұлпар сыйлады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жақсы жаңалықты белгілі кәсіпкер Дулат Тастекей өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

“Асыл бесік – Ақсуат» спорт және өнер фестивалінде Ақсуат жұрты арда ұлға құрмет көрсетіп, астына көлік мінгізді», – деп жазды кәсіпкер.

Желі қолданушылары айтыскер ақынға көрсетілген құрметке қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр

“Ұшақ берсе де, артық емес”, “Шындықты шырылдататын ақын”, “Ұйғырға неге сонша құрмет көрсетесіңдер”, ”Қазақты қазақ көтермелемесе, басқа кім көтереді? Жарайсыздар», «Көре алмай, анау-мынау әңгіме айтпаңдаршы, әрбір қазақ ер азаматы лайық темір тұлпарға», деген оқырмандардың жылы пікірі мен құттықтаулары толассыз келіп жатыр.

Айта кетейік, мәжіліс депутаты су тасқынының басты себебін анықтаған еді.