Ұшақ апаты: тірі қалғандардың тізімі жарияланды

0
35

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

98 0 0

«Бек Эйр» компаниясының ұшағы таңғы жетіде Алматы маңына құлаған, ол Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Алматы халықаралық әуежайы жолаушылар ұшағы апатынан аман қалғандардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тірі қалғандардың алдын ала тізімі Алматы халықаралық әуежайының фейсбуктегі парақшасында жарияланды. 60 адам аман қалған. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Бұған дейін жолаушылар ұшағының бортында болған жолаушылардың тізімі жарияланған еді. Ұшақта 93 жолаушы, олардың арасында 3 сәби және 5 экипаж мүшесі болған.

Қайғылы апат бүгін сағат 07:22-де Алматы маңында болды. Құлаған ұшақ «Бек Эйр» әуе компаниясына тиесілі.


©
Sputnik / Тимур Батыршин

Жолаушылар ұшағы құлаған жер

«Алматы – Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша №2100 рейсін орындаған Fokker 100 ұшағы Талғар ауданындағы тұрғын алабына құлады. Ұшақ бетон қоршауын бұзып, екі қабатты ғимаратқа соғылған. Шұғыл түрде құтқару жұмыстары басталды. Өрт болған жоқ. Жолаушылар мен экипаж мүшелерін эвакуациялау жүргізілді.

Соңғы деректер бойынша қаза тапқандар саны 14 адамға жетті, зардап шеккендер отыздан асқан.

Президенттің тапсырмасымен премьер-министр басқаратын комиссия құрылды. Вице-премьер Роман Скляр оқиға орнында жүр. Комиссия құрамына индустрия жне инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Комиссия оқиға орнына ұшып кетті.

Оқиғаның мән-жайы анықталғанша, бұл типтегі ұшақтарды пайдалануға уақытша тыйым салынды.

Қазір құтқарушылар, медициналық қызметтер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Жедел штаб құрылып, қауырт желі жұмыс істеп тұр: 8 (7172) 53-32-84, Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті – 8 (7282) 22-02-13, 22-02-18; Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД – 8 (7172) 24-52-12, 24- 51-71, 24- 51- 47.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз